Placeholder
Новости Казахстана15 июня 2023, 13:34

Дәрігерлер Түркістан тұрғынының бүйрегінен 9 келі ісікті кесіп алды

Түркістан облысында 32 жастағы тұрғынға ота жасаған дәрігерлер оның бүйрегінен 9 келі ісікті кесіп алды, деп хабарлайды Arbat.media.

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 1991 жылғы науқасқа ота жасалған. Төрт сағатқа жуық уақытқа созылған отаның нәтижесінде онкохирург дәрігерлер науқастың бүйрегінен 9 келі ісік алғанын атады.

Ота барысында материалды гистологиялық тексеру ісіктің қатерсіз сипатын көрсеткен. 

Түркістандық онкохирург Е.Ақбердиевтің айтуынша, операция сәтті өтіп, өңір тұрғының өміріне еш қауіп төндіріп тұрған жоқ.

Түркістан облысы Ота Ісік

Новости по теме