Placeholder
Новости Казахстана2 июня 2023, 20:45

Бокстан әлем чемпион атанған Санжар Тәшкенбай әкесіне қымбат көлік сыйлады

Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Санжар Тәшкенбай әкесіне қымбат бағалы жапондық жол талғамайтын көлік сыйлады, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті. Ол әкесіне Lexus LX 570 маркілі көлікті сыйлаған. 

Кеше асқар тау әкеме бала кезден армандап жүрген сыйлығымды сыйладым. Ең бірінші осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір. Екінші әке - анамыздың арқасы, барлықтарыңызға жұғысты болсын, - деп жазды Санжар Тәшкенбай. 

Бұған дейін ҚР бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Ташкентте әлем чемпионы атанған боксшыларға 100 мың АҚШ долларын тарту еткен еді. Одан бөлек халықаралық бокс қауымдастығы (ІВА) әлем чемпинатында алтын медаль алған боксшыларға 200 мың АҚШ долларын табыстады. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Санжар Ташкенбай (@tashkenbay_sanzhar)

Санжар Тәшкенбай бокс Әке

Новости по теме