Placeholder
Новости Казахстана24 января 2023, 17:18

Белгілі сазгер Арман Дүйсенов өмірден озды

Елімізге белгілі сазгер, әнші әрі продюсер Арман Дүйсеновтің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар жария болды, деп хабарлайды Arbat.media

Белгілі өнер қайраткерінің қайтыс болғанын өнердегі әріптесі Ерғали Әбдірайымов көпшілікке естіртті. 

Арман бауырымнан айырылып қалдық, ағайын. Жары Айсұлу мен ұрпағына Алла көркем сабыр берсін. Нақты неден қайтыс болғанын білмеймін. Қазір сол жаққа бара жатырмыз, -  деп жазды продюсер Ерғали Әбдірайымов.

Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Өнер иесі классикалық музыка, фольклорлық этнография, эстрадалық музыка секілді түрлі бағытта кәсіби музыкалық білім алған. Ол еліміздегі заманауи композиторларының бірі болған еді. 

Оның композиторлық туындаларын еліміздегі көптеген әншілер орындап жүр.  Марқұм жұбайымен бірге екі ұл мен бір қыздың өсіріп отырған еді. 

Арман Дүйсенов Сазгер Өнер Ажал

Новости по теме