Placeholder
Фото: massaget.kz
Новости Казахстана11 апреля 2023, 21:59

Бас прокуратура: Болат Назарбаевтың экс-тоқалы айтқан деректерге қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Бас прокуратура кәсіпкер Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы, әнші Динара Әлжанның «Уақыт көрсетеді» YouTube арнасына берген сұхбатында айтқан деректерге қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін деп мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Динара Әлжан сұхбат барысында айтқан ақпаратқа қатысты бас прокуратура өкілдері деректерді тексеретінін мәлімдеді.

Бас прокуратура әнші Динара Әлжанның журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» YouTube арнасында сұхбатта айтылған бірнеше фактіні тексеру бойынша ақпарат беру туралы сұрау салуды қарады. Осы фактілерді тексеру үшін сұрау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Ішкі істер министрлігіне жіберілді. Аталған органдар тексерудің нәтижесі туралы хабардар етеді, – делінген ресми жауапта.

Белгілі заңгер Алмас Жұмағали сұхбат барысында айтылған деректерге қатысты қандай қылмыстық істер қозғауға болатынын айтқан еді.

Біріншіден, Кентал (әнші Талғат Кенжеболатов  еск.) мен «командасының» есірткіге қатысы. Екіншіден, Ғабидолланың (Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов) қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану ма, әлде кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу ма, оны тексеріс анықтауы керек. Болат Назарбаевтың қаржыны оңды-солды шашуы, казинода ұтылып қалған Қайрат Нұртас үшін 400 000 доллар бере салуы – қаржының шығу тегінің заңдылығы анықталу керек. Ол сандырақ емес, Жылқышыбай басында сұрап алды: «Ертең сөздеріңізден тайып, ана жерін, мына жерін алып тасташ» деп сұрамайсыз ба деді,  деген еді заңгер.

Болат Назарбаев Динара Әлжан Ғабидолла Әбдірахымов Қайрат Нұртас

Новости по теме