Placeholder
turkystan.kz
Новости Казахстана3 марта 2023, 17:59

Атырау облысында жоғары қабаттан құлаған жасөспірім қайтыс болды

Атырау қаласында көпқабатты үйдің жоғарықабатынан құлаған 16 жастағы жасөспірім оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Өңірдің полиция департаменті қайғылы оқиғаның 2 наурызда болғанын мәлімдеді. 

Департаменттің кезекші бөліміне кеше жергілікті уақытпен сағат 23:30 шамасында 2007 жылы туған жасөспірімнің жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабар түсті. Осы дерекке байланысты полиция қызметкерлері оқыс оқиғаның Атырау қаласындағы "Алмагүл" шағын ауданында болғанын анықтады. Жасөспірім осындағы көпқабатты үйлердің бірінде жоғарғы қабаттан құлаған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметіндегілер. 

Қазіргі уақытта Атырау облысының полиция қызметкерлері адам өлімі туралы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Бұған дейін Атырау облысында жол апатынан бірден төрт адам қайтыс болған еді. 

Атырау облысы өлім Жасөспірім Тұрғынүй

Новости по теме