Placeholder
Новости Казахстана7 июня 2023, 22:25

Атырау облысында 15 күн бұрын жоғалған малшының мәйіті табылды

Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 1986 жылы туған бақташының мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Жылыой аудандық әкімдігі жоғалып кеткен бақташының мүрдесі "Адай" зираты маңынан табылғанын мәлімдеді. Бұл зират аудан орталығы Құлсары қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан. 

Атырау облыстық полиция депаратаменті аталған жағдайға пікір білдіріп, адам мәйіті даладан табылғанын атады. 

Жылыой ауданында 1986 жылғы малшы жеке шаруа қожалығынан шығып кетіп, кері оралмаған. Аудандағы Ақкиізтоғай ауылы маңынан өлі мүрдесі табылды, - дедіПолиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мамыр айының соңында Атырау облысында жоғалған малшы туралы айтылды. Кейін тағы бір малшы Құрманғазы ауданын із-түссіз кетіп, оларды іздеуге ТЖД-нен бірнеше топ бекітілгені айтылды. 

Атырау облысы Малшы өлім

Новости по теме