Placeholder
Новости Казахстана18 мая 2023, 19:15

Әшімбаев Тоқаевтың Қытайға сапарына қатысты пікір білдірді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Қытай қазір әлемдегі екінші экономика саналады. Бүгінгі біздің экономика мен Қытай экономикасының ауқымын салыстыру өте қиын. Қытай өте қарқынды дамып келе жатқан экономикалық әлеуеті зор мемлекет. Экономика саласында бірлескен жобалар баршылық, яғни көлік әрі коммуникация саласында жобаларымыз ескерілген. Біз жаңа көлік бағытын, яғни Транскаспий бағдарын дамыту бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз, - деді М. Әшімбаев. 

Сенат спикері Қытаймен өзара тиімді қарым-қатынасты сақтай отырып, оны одан әрі нығайту саясатын жүзеге асыру маңызына тоқталды. 

Бірінші кезекте біздің ұлттық мүддемізді ескеру керек. Елдердің мүддесін ескере отырып, елдеріміздің егемендігі мен тәуелсіздігін құрметтей отырып, біз Қытаймен осындай кешенді қарым-қатынасты дамытамыз. Екі ел арасындағы шекарады тұрақтылық болғанын қалаймыз. Сондықтан Мемлекет басшысының сапары барысында барлық мәселе талқыланады. Қазақстан Президентінің бұл сапары екі ел арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға септігін тигізері сөзсіз», - деді Сенат төрағасы.

Мәулен Әшімбаев Қытай Қазақстан

Новости по теме