Новости Казахстана20 марта 2023, 17:38

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына 16,5 млн теңге айыппұл салынды

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына 16,5 миллион теңгеден асатын айыппұл салынды, деп хабарлайды Arbat.media.

Сауда және интеграция министирлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің ақпараты бойынша Қарағанды аумақтық департаментінің барлық қызметкерлері жеті шахта мен "Восточный" орталық байыту фабрикасының қызметін тексеруге жұмылдырылған. Тексеруді облыс прокуратурасы тағайындады. Іс барысында барлық сегіз нысанда тексеру мерзімі өткен 89 өлшем құралын қолдану дерегі белгілі болды. 

Осындай өлшеу құралдарының дұрыс емес нәтиже көрсетуінен жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғау қамтамасыз етілмеген және бұл жерасты тәсілімен тас көмірін өндіруді жүзеге асыратын қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді, - дейді комитет Төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Қарағанды облыстық прокуратурасының ұсынысы мен материалдарының негізінде "АрселорМиттал Теміртау" Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 419-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"АрселорМиттал Теміртауда" тас көмірді жерасты тәсілімен өндіру кезінде мемлекеттік реттеуге жатпайтын өлшеулер жүргізілетіні анықталған. Бұл жайт өлшеулердің салалық тізбелеріне енгізілмегені белгілі болды. Бұл өлшемдер Қауіпсіздік пен еңбек жағдайларының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.  

АрселорМиттал Теміртау Қоғам Айыппұл Прокуратура

Новости по теме