Новости Казахстана5 июня 2023, 18:29

Алматыда полиция қызметкері әріптесін атып өлтірді

Алматыда полиция қызметкері байқаусызда өз әріптесін тапаншамен атып, өлтіріп алды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің қоғаммен байланыс қызметі хабарлады. Оқыс оқиға бүгін орын алған. 

Алматы қаласы ПД 5 маусым полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын хабарлайды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп жазылған хабарламада. 

полиция Алматы Адам ату

Новости по теме