Новости Казахстана15 июня 2023, 15:56

Абай облысында өрт болған ормандағы ағаштарды белгісіз бағытқа әкетіп жатыр

Arbat.media редакциясына Абай облысынан оқырмандары жүгініп, олар "Семей Орманы" резерватынан әлдекімдер ағаштарды әкетіп жатқанын мәлімдеді. 

Дәлел ретінде куәгерлер қала шегіндегі автожолдардың бірінде түсірілген фотосуреттер ұсынып отыр. 

Ағаштарды біздің ормандардан кім және не үшін алып кететінін шұғыл түрде анықтау керек. Біз экспорттауға тыйым саламыз деп уәде берген еді. Енді мұны қалай түсінуге болады? - деп тұрғындар шағымдануда. 

Arbat.media редакциясы жағдайды нақтылау үшін уәкілетті органдарға ресми өтініштер жібереді.  Абай облысының әкімі мен экология министрлігінен аталған ақпаратқа қатысты пікір күтеміз. 

Абай облысы Өрт Орман

Новости по теме