Серік Күдебавев өзі туған ауыл маңындағы шекара арқылы қашқан болуы мүмкін - Шекара қызметі

20 апреля 2023 г. 15:44 / Новости Казахстана

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың елімізден қалай бой тасалағаны туралы дерек белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Серік Күдебаевтың шекараны қалай кесіп өткені туралы болжам айтты. Қазақпараттың жазуынша, Сенат кулуарында ҰҚК өкілінен Серік Күдебаевтың қалай қашуы мүмкін екеніне қатысты сауалдар қойылған. 

Болжамдар бар. Таумен кеткен деген тұспалымыз бар. Өзі туған жердегі елді мекеннен алыс емес маңда, тау ішінде оның шаруа қожалығы бар. Жол көрсететін жақсы серіктері болған да шығар. Біз тау арқылы шекарадан шығып кеткен деген нұсқаны қарастырып отырмыз, - деді Шекара қызметінің директоры.

Алматы облыстық ПД басшысы болған Серік Күдебаевтың Қырғызстан арқылы бой тасағаланы белгілі болды. Алайда оның шекара бекеті арқылы өтпегені айтылды. Халықаралық іздеу жариялаған ол Қаңтар оқиғасында жұмыс орнын тастап кеткені үшін айыпты деп танылып, кейін оған қатысты сот отырысы бірнеше рет өткен. Мемлекеттік айыптаушы Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Алайда ПД бұрынғы басшысы денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылған болатын.  

Автор
Новости партнеров