«Номад» командасы Қазақстан чемпионы атанды

13 апреля 2023 г. 15:30 / Новости Казахстана

"Номад" соңғы алты жылда алғаш рет ел чемпионы атағын иеленіп, алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Arbat.media.

2022/2023 маусымының финалдық сериясында "Номад" пен ташкенттік клуб "Хумо" кездесті. Жеңіске қазақстандық команда жетті. 

Маусымның үздік қақпашысы "Номадтың" қақпашысы Андрей Шутов, ал үздік қорғаушы "Хумо" ойыншысы Алексей Кириллов атанды. Үздік шабуылшы болып "Номад" сапынан Максим Мұхаметов танылды.

Шараға Қазақстан хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин, Өзбекстан хоккей федерациясының президенті Бахтиер Фазылов, ҚФФ бас директоры Глеб Каратаев және ФХУ бірінші вице-президенті Баходир Гафуров қатысты.

Еске сала кетейік, қаңтар оқиғасы кезінде қызметінен кетіп, көрінбеген Асқар Мамин Ташкентте хоккейшілерге марапат тапсырғаны туралы жазғанбыз.

 

Автор
Новости партнеров