Елімізде жанармай бағасы қымбаттайды
3 апреля 2023 г. 22:24 / Новости Казахстана
ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов елімізде бензин мен дизель отынының бағасы сәуір айының қай күнінен бастап өсетінін айтты, деп хабарлайды Arbat.media.
Б.Ақшолақов тиісті бұйрықтың жобасы бүгін жарияланатынын мәлімдеді.
Бұйрық бүгін жарияланса, 12 сәуірден бастап күшіне енеді. Яғни 12 сәуірден Қазақстанда бензин (АИ-92 және АИ-93) мен дизель отынының бағасы өседі, - деді Б. Ақшолақов брифинг барысында.
Бұған дейін елімізде жанармай бағасы өсетіні туралы айтылған еді.
Бұл ретте еліміз бойынша АИ-92 және АИ-93 маркалы бензинге баға литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін көтерілмек. Ал өсім – 11% құрайтын болады. Дизель отынының бағасы литріне 295 теңгені құрайса, орташа есеппен өсім – 20% артады. Қазір өңірге байланысты баға 230 теңгеден 260 теңгеге дейін шамасында бекітілген.
18 октября 2024 г. 7:00 / Новости Казахстана
Заморозки ожидаются в Казахстане 18 октября
18 октября 2024 г. 6:19 / Новости Казахстана
Полиция Алматы выступила с предупреждением из-за заморозков
18 октября 2024 г. 5:21 / Новости Казахстана
Нелегалок из Таджикистана нашли на мусорном полигоне в Петропавловске
18 октября 2024 г. 1:31 / Новости Казахстана
Новый завод в СКО снизит зависимость Казахстана от импорта ламинированной фанеры на 13%
18 октября 2024 г. 0:07 / Новости Казахстана
Турпоток из Китая в Казахстан увеличился на 64%
18 октября 2024 г. 0:04 / Новости Казахстана