Жыл басынан бері 1,5 млн қазақстандық шетелге барған
2023 жылдың І тоқсанында шетелге 1,4 миллион қазақстандық шыққан, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66%- ға көп болып отыр. 2022 жылғы қаңтар-наурыз бұл көрсеткіш айларында 845,2 мың адамды құраған еді.
Сонымен қатар Қазақстанның туристік орын ретінде 1,1 миллион адам таңдаған. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 3,9 есе көп (2022 жылғы қаңтар-наурыз – 293,2 мың адам).
Ел ішінде биылғы алғашқы үш ай ішінде 1,3 млн адам демалса, былтыр 1,1 миллионға жеткен еді.
Орналастыру орындарының саны 3 848 бірлікті құрады, өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда олардың саны 92 бірлікке өсті. Бұл ретте қызмет көрсетілген демалушылар саны 1,5 млн адамды құрады. Курорттық аймақтарда 703 мыңнан астам адам демалды.
Сондай-ақ, қаңтар-наурызда орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 43,1 млрд теңгені құрады, бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64,8%-ға артық болып отыр.
Айта кетейік, Қазақстанда 5 жұлдызды рейтингі бар 25 орын бар, олар бірінші тоқсанда 173 мың қонақ қабылдаған.