Жигули Дайрабаев сотқа тартылған балаларына қатысты мәлімдеме жасады
Екі ұлының айыпталып, сотқа тартылуына қатысты Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев іолардың кінәлі еместігін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Таяуда "Ауыл" партиясының атынан Мәжілісе депутат болып сайланған Жигули Дайрабаев сотты болған балаларының кінәсіз екендігін атады.
Балаларыма қатысты мәселе бойынша депутат әріптес ретінде қолдау көрсетіп жатырсыздар. Балаларымды кінәлі деп есептемеймін, олар әділдік үшін күреседі. Апелляциялық сотқа жүгініп, абыройын қорғауға мүдделі. Ендеше, мен Мәжілістен не үшін кетуім керек? Ауыл тұрғындары, шаруалар, өзімді сайлаған «Ауыл» партиясы маған үлкен үміт артып отыр. Көптеген өткір мәселелерді қолға алып, жұмыс істеуім керек», - деді Ж. Дайрабаев Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауалын жариялаудан бұрын.
Бұған дейін Тараз қаласының соты алаяқтық және ірі мөлшерде ақша жымқырды деп айыппен Жигули Дайрабаевтың ұлдарына үкім шығарған болатын. Алайда депутат сәл ертеректе балаларының өздері жауап беретінін айтып, өзінің кінәсіз екенін айтқан еді. Кейін "Ауыл" партиясы Ж.Дайрабаевтың депутаттық мандатын тапсырмайтынын мәлімеді.