Жамбыл облысында такси жүргізушісі полицейді пышақтап кетті

22 сентября 2023 г. 19:42 / Новости Казахстана

Жамбыл облысындағы тас жолда такси жүргізушісі жол-патруль инспекторын пышақтап кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі:

Алматы-Ташкент тас жолының 168-ші шақырымында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін патрульдік полиция батальонының қызметкері Toyota Carina автокөлігін тоқтатқан. мінген 61 жастағы Қордай ауданының тұрғыны жеке тасымалдаумен айналысқан. Тәртіп бұзушылықты тіркеген кезде жүргізуші жиналмалы пышақпен полиция қызметкерін иойнына жаралаған. 

Полицей ауруханаға жеткізілді. Ішкі тергеу тағайындалды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-1-бабының 1-бөлігі «Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жауап алу кезінде ер адам өзін мұндай шарасыз қадамға әйелінің қайтыс болуына және тұрмыстық проблемаларына байланысты күйзеліс итермеледі деп түсіндірді. Әрекетінің ауырлығын түсінген ол істеген ісіне өкінеді. Сондай-ақ алдағы уақытта заң бұзбауға уәде берді, деп түсіндірді департаменттегілер.

Ұсталған азамат Қордай ауданы ІІБ уақытша ұстау изоляторына жеткізілді, дейді Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі.

Автор
Новости партнеров