Жамбыл облысында шатырда ірі көлемде есірткі жасырған тұрғын ұсталды
Жамбыл облысында марихуана сақтаған 55 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып өткізу кезінде Тея атты қызметтік-іздестіру итін пайдаланып, ұсталған азаматтың тұрғылықты жерін тінту барысында үйдің шатырынан жалпы салмағы 9 келі 13 гр болатын кептірілген марихуана табылды. Ұсталған адам кінәсін мойындаған.
Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4 - бөлігімен “Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау” және ҚР ҚК 297-бабының 3- бөлігі “Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деп хабарлады ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.
Өткен аптада Атырау облысында үйде есірткі өсірген тұрғынға қатысты сот үкімі шыққан еді. Сондай-ақ, Ақтауда көпқабатты үйде есірткі өсірген тұрғында ұсталған еді. Наурыз айының соңында Түркістан облысында есірткі өндейтін цех табылып, оның иелері қамауға алынды.