Қарағандыда қос азаматтық үшін үш әйелге ірі көлемде айыппұл салынды

22 февраля 2023 г. 20:15 / Новости Казахстана

Қарағанды облысында үш ресейлік әйелге қос азаматтығы үшін 1,3 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, – деп хабарлайды Arbat.media 

Polisia.kz-тің жазуынша,  Қарағанды–Сұрыптау әуежайындағы желілік полиция бөлімі көші-қон бөлімшесінің қызметкерлері қала әуежайында профилактикалық іс-шаралар жүргізу кезінде, ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметімен бірлесе отырып, 26, 45 және 51 жастағы әйелдерді анықтаған.

Тексеру кезінде ұсталғандардың Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қос азаматтығы бар екендігі анықталды.

Көлік полицейлерімен құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігімен (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. – Қарағанды қаласы Қазбек би аудандық сотының шешімімен РФ-ның азаматшалары әрқайсына 429 мың теңгеге жуық сома көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды, – деді М.Айтуғанов.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 20-28 ақпан күндері аралығында Көліктегі ПД-нің қызмет көрсету аумағында “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіп жатыр. Аталған ЖПІШ барысында көлік полицейлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы бойынша тәртібін бұзған 29 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ сот қаулысымен 4 шетелдік елден тыс шығарылды.

Бұған дейін ІІМ ресми өкілі қос азаматтығы бар адамдарға қолданылатын жазаның күшейтілетіні туралы мәлімдеген болатын
 

Автор
Новости партнеров