Үнді туристерінен 800 доллар алған алматылық такси қылмыстық жауапкершілікке тартылды

25 мая 2023 г. 13:20 / Новости Казахстана

Алматыда шетел азаматтарын жеткізіп, жол ақысына 800 АҚШ долларын алған такси жүргізушісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arbat.media.

21 мамыр күні Алматы халықаралық әуежайы маңында жеке такси қызметін ұсынатын ер адам өз көлігіне Үнді елінен келген туристерді отырғызып, қонақ үйге дейін мың теңгеге апарып тастаймын деген. Алайда ол межелі жерге жеткенде ол туристерден 1 180 АҚШ долларын сұраған, бермеген жағдайда сөмкелерді қайтармаймын деп қоқан-лоқы көрсеткен. Сөйтіп шетелдіктер жүргізушіге 800 АҚШ долларын беруге мәжбүр болған көрінеді. 

Үнді азаматтары бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына шағым түсірді. Полицейлер 27 жастағы жігітті ұстап, оған қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша қылмыстық іс тіркеген. 

Өз кінәсін толық мойындаған ол шетел азаматтарына келтірілген шығынды өтеп берді. Ал шетелдік туристер Қазақстан полициясына алғыс білдірген. Сонымен қатар, такси жүргізушісінің көлігі жол жүру ережелерін бұзғаны үшін және төленбеген айыппұлына байланысты арнайы тұраққа қойылды.

Автор
Новости партнеров