"Ұлымды кешіріңдер!" - Журналистерге шабуыл жасаған Клебановтың анасы өтініш білдірді

11 марта 2023 г. 19:49 / Новости Казахстана

11 наурызда журналист Вадим Борейко Аркадий Клебановтың анасынан хат алғанын жариялады, передает Arbat.media.

Маған Аркадий Клебановтың өкілі болып көрінген адвокат Юсупов деген адамнан хабарлама келді. Мен байланыс деректерін тексердім, бұл шынымен Дильшат Юсупов болып шықты, - деп жазылған Борейконың хатында.

Журналистің айтуынша, заңгер Аркадийдің анасының өтініші бойынша оның үндеуін зардап шеккен БАҚ өкілдеріне жолдаған. Адвокат Вадим Борейкоға хаттың түпнұсқасы курьерлік қызметке жіберілгенін хабарлады.

Қол қойылған хатта Марина Клебанова Гүлжан Хамитқызына, Гүлнар, Самалға және Динараға – Аркадийдің әрекетінен зардап шеккен журналистер Ерғалиева, Бажкенова, Ибраева, Егеубаеваға жүгінеді. Сондай-ақ, хаттың соңында Марина маған жүгінеді. Ол бәрімізден ұлын кешіруді сұрайды. Мен хаттың түпнұсқасын жариялаймын, - деп атап өтті Борейко.

Естеріңізде болса, 4  наурызда Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевичті журналистерге қарсы шабуылдардың ұйымдастырушысы және бастамашысы ұстау туралы дерек белгілі болған еді. 

 13 қаңтарда журналист Динара Егеубаеваның көлігін әлдекімдердің өртеп кеткені белгілі болды. 6 ақпанда оның ұлына шабуыл жасалғаны да айтылды. 

 19 қаңтарда "Гиперборей" арнайсының авторы, журналист Вадим Борейконың пәтерінің есігінің жиектерін құрылыста қолданылатын көбікшемен бітеп кеткені туралы жария болды. 

 Өткен жылдың күзінде Orda.kz ақпараттық порталының редакциясына шошқаның кесілген басы салынған сөмке мен  сайттың бас редакторының суреті жіберілген болатын. 

 Қаңтар айының басында Elmedia.kz сайты редакциясының терезесін әлдекімдер шағып кетті. 

20  ақпанда “Гиперборей” арнасының операторының қос көлігін өртеп жіберді. 

В начале января были разбиты окна в офисе редакции сайта Elmedia.kz.

Кейін журналистерге шабуыл жасауды ұйымдастырған белгілі олигарх Клебановтың жиені екені анықталды. 

 

 

Автор
Новости партнеров