Баласы екі адамды ұрған Дәулет Тұрлыхановқа Медеу Арынбаев ара түсті

17 февраля 2023 г. 4:28 / Новости Казахстана

Мәжіліс депутаттығына үміткер Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екі адамды ұрған оқиғадан кейін белгілі әнші Медеу Арынбаев мұны арандатушылық әрекет болуы мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұған дейін еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, Мәжіліс депутаттығына үміткер Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл ерлі-зайыпты екі адамды соққыға жыққаны туралы ақпарат тараған болатын Осыдан кейін белгілі балуанның жақын досы, танымал әнші Медеу Арынбаев жазба арнады.

Еліміздің бір туар ұлы, Дәулет Болатұлы жайындағы соңғы жаңалықтар елдің талқысына түсіп жатыр. Осы жағдайға байланысты жеке ойымды білдіргім келеді. Қай ата-ана баласын жаман болсын деп тәрбиелейді? Әрине тек жақсы болсын дейді! Қазіргі таңда баланың құқығын қорғау мақсатында емес, жан-жақтан жазылып жатқан пікірлер Дәулет ағамызға келіп тіреліп тұр. Бұл да бір сайлау алдындағы жасалып жатқан арандатушылық іс-әрекет болуы әбден мүмкін. Барлық істің байыбына бармай, жауабын күтейік. Болған оқиғаны сіздер де, біз де өз көзімізбен көрген жоқпыз. Мен әркезде Дәулет Болатұлын қолдаймын! Алдағы майданда жеңіске жетуіне тілектеспін! Елімізге жасаған еңбегін, спорттағы ерлігін ескере отыра бұл жағдайды сабырмен саралағанымыз жөн болар деп ойлаймын, - деп жазды Медеу Арынбаев. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Медеу Арынбаев (@medeu_arynbaev)

Алматыда бірнеше күн бұрын адвокаттар Анна Димитриевич пен Олег Черновқа кешкілік уақытта шабуыл жасалып, әлдекімнің соққыға жығып кеткені айтылды. Зардап шеккен Анна Димитриевич белгісіз ер адамның Олимпиада Ойындарының екі дүркін жүлдегері Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екенін мәлімдеген болатын. Шулы оқиғадан кейін Д.Тұрлыханов ұлының әрекетін растап, кешірім сұрады

Автор
Новости партнеров