Ұлы екі адамды ұрған Дәулет Тұрлыханов Мәжіліс сайлауына үміткер ретінде насихат жұмысына кірісті

19 февраля 2023 г. 5:30 / Новости Казахстана

Таяуда ғана ұлы екі адамды ұрды деп айыпталған Дәулет Тұрлыханов Мәжіліс сайлауына үміткер ретінде үгіт-насихат жұмысына кірісті, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы белгілі спортшы әлеуметтік желіде жазба жариялады. Өзінің саяси белсенді екенін алға тартқан ол алдағы уақытта жаңалықтарымен бөлісіп отыруға ниет танытып отыр. 

Мен негізі әлеуметтік желіге әуес адам емеспін. Қарапайым отбасыдан шыққан, өмірімді спортқа арнаған адаммын. Жасаған ісімді жарты әлемге жариялаудан да аулақпын. Биыл өзім үшін маңызды шешім қабылдадым. Ел қамы үшін жеке тұлға ретінде ғана емес, саяси белсенді адам ретінде өз үлесімді қоспақпын. Жарыса айтқан жаңа Қазақстандағы жылдам байланыс құралы осы парақшалар болғасын, ендігі мұнда ақпаратпен жиі бөлісуге ниеттімін. Сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса да, мүмкіндігімше жауап беріп отырамын, - деп жазды Дәулет Тұрлыханов. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Дәулет Тұрлыханов (@daulet_bolatuly_turlykhanov)

 

Таяуда "AMANAT" партиясының съезінен кейін алдағы Мәжіліс сайлауына үміткерлердің партиялық тізім және бір мандатты округ бойынша есімі жария болған еді. Осы ретте Астана қаласынан еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов пен Ерік Жолжақсынов ұсынылған болатын. 

Кейін Алматыда белгілі спортшының ұлы екі адамды ұрғаны туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты Алматы қалалық ПД қылмыстық із қозғалғанын растады. Араға уақыт салып Дәулет Тұрлыханов ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады

Автор
Новости партнеров