Ұлттық қауіпсіздік комитеті: қара нарықта атыс қаруын сатқан 23 адам ұсталды

12 апреля 2023 г. 21:19 / Новости Казахстана

29 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп екі ведомствоның арнайы мақсаттағы бөлімшелерін тарта отырып, ірі ауқымда заңсыз қару айналымымен айналысқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Arbat.media.

Хабарламаға сәйкес қылмыстық схемаға қатысы бар деген күдікпен 23 адам ұсталды. 32 автомат, 88 тапанша, 37 мылтық (барлығы 157 бірлік қару), 9 граната және әртүрлі калибрлі 27390 оқ-дәрі алынды.

Олардан 32 автомат, 88 тапанша, 37 мылтық (барлығы 157 қару), 9 граната және әртүрлі калибрлі 27390 оқ-дәрі алынды. Қару мен оқ-дәрілер жасауға арналған арнайы жабдықтары мен жинақтары бар 7 қолдан жасалған цехтың жасырын әрекеті жойылды. Ұстау алдында ұзақ жете тексеру жүргізіліп, оның барысында әртүрлі калибрлі ұрыс патрондары мен оқ-дәрілерге келтіріліп қолдан жасалған "Калашников" автоматын, үш тапаншаны жедел сатып алу жүзеге асырылды, – делінген ақпаратта.

Арнайы операция Астана, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында бір мезгілде жүргізілген. 

Еске сала кетейік, ерікті түрде қару-жарақ тапсырғандарға бюджеттен 88 млн теңге бөлінгені туралы жазғанбыз.

Автор
Новости партнеров