Түркиядан еліміздің құтқарушылар тобы Алматыға оралды

19 февраля 2023 г. 17:46 / Новости Казахстана

Түркияда болған жер сілкінісінен кейін апат аймағына аттанған қазақстандық құтқарушылар тобы елге-аман есен жетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Газиантеп қаласындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық ТЖМ құтқарушылары  мен апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері Алматы әуежайына қонды. Оларды жақын туыстары, достары мен әріптестері күтіп алды.

7 ақпанда құтқару бөлімшелерінің күштері, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері және кинологиялық есептоптар алғашқылардың бірі болып екі лекпен аттанып, ең күрделі қираған нысандарда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кіріскен болатын.  Қазақстандық құтқарушылар тобын ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев басқарды.

Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарды. Сонымен бірге, қаза тапқан 88 адамды, оның ішінде 10 баланың денесін үйінді астынан шығарды. 

Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері де тәулік бойы зардап шеккендерге білікті медициналық көмек көрсеткен. Барлық жұмыс кезеңінде 200-ге жуық жергілікті тұрғындар мен құтқарушыларға, оның ішінде 30-ға жуық балаға ем дом жасаған. 

Түркия Республикасының АFAD жер сілкінісі салдарын жою дағдарыс орталығымен келісіп, еліміздің ТЖМ күштері  іздестіру-құтқару жұмыстарын барлық құлаған нысанда аяқтап отыр. 

Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстарына Астана және Алматы қалаларынан, Ақмола және Қарағанды облыстарынан құтқарушылар қатысқан. 

6 ақпанда Түркия мен Сирияда жой жер сілкінісі болған еді. Аталған апаттанн қырық мыңнан астам адам қайтыс болып, тағы жүз мыңға жуығы жарақат алды. Еліміздің президенті апаттан кейін түрік басшысына көңіл айту жеделхатын жолдап, арнайы тапсырмамен құтқарушылар тобын жіберген болатын. Сонымен бірге, ел бюджетінен Түркияға бір миллион АҚШ доллары бөлініп, гуманитарлық көмек жіберілді. 

 

Автор
Новости партнеров