Түркияда жоғалған қазақстандықтың денесі құлаған үйдің астынан табылды

10 февраля 2023 г. 2:51 / Новости Казахстана

Түркияда болған жер сілкінісі кезінде жоғалған төрт қазақстандық азаматтың екіншісі табылды, деп хабарлайды Arbat.media ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құтқарушылардың төртінші тобы Газиантеп қаласынан 69 шақырым жерде орналасқан Нурдагы елді мекеніндегі жеті қабатты ғимаратта жұмыс жүргізіп жатыр. Ғимарат толығымен қираған. Кинологиялық есептоптар барлау және үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстарын жалғастыруда. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Хатай елді мекеніне құтқарушылар тобы және кинологиялық есептоптар жіберілді. Іздеу объектісі - толығымен қираған алты қабатты үй, үйіндінің көлемі 18 мың текше метрден асады.

Құтқарушылардың жұмысы көптеген үйінділермен, тұрақсыз құрылымдармен күрделене түскен. Қазақстандық құтқарушылар барынша тиімді жұмыс істеп жатқаны хабарланды. 

Қазіргі уақытта осы нысанда үйіндінің астынан қайтыс болған үш адамның денесі шығарылды, оның бірі – Қазақстан азаматы, екеуі – Түркия азаматы екені анықталды.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадиров 8 ақпан күні кешке Хатай провинциясының Антакья қаласында құтқару-іздеу жұмыстары барысында Түркия азаматы тірі табылғанын, ол бастапқыда Кұбылай Кескін деп танылғанын, алайда туыстары бұл ақпаратты жоққа шығарғанын хабарлады. 

9 ақпан күні таңертең іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып, олардың барысында туыстары Құбылай Кескін деп таныған түрік азаматы және ҚР азаматы Әділ Қадырбековтің мәйіттері табылды. СІМ қаза тапқан адамның денесін отанына жеткізуге барынша жәрдем көрсетеді", - деп жазылған ҚР СІМ хабарламасында.

Бұған дейін Түркияның оңтүстік-шығысында болған зілзаладан 10 мыңнан астам қайтыс болып, бірнеше мың адамның жаралағаны айтылды. Апат аймағында жоғалып кеткендердің арасында Қазақстанның 4 азаматы бары анықталды. Кеше кешкілік із-түссіз кеткен Сәбина Мамадиярова үйінді астынан табылған болатын. Оған медициналық тексеруі жүргізу кезінде қолы сынғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта жоғалып кеткен Мирболат Құрмашевті іздеу жұмыстары жалғасуда. 

6 ақпанда болған табиғат апатынан кейін Түркия басшысына Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айту хатын жолдады. Кейін тапсырма бойынша ТЖМ бөлінген құтқарушылар жасағы екі лекпен аттанды. 

 

  

 

Автор
Новости партнеров