Түркістанда із-түссіз жоғалған оқушы қыздың денесі судан табылды
Бес күн бұрын із-түссіз жоғалған оқушы қыздың мәйіті судан табылды, деп хабарлайды Arbat.media.
Іздестіру кезінде Арыс арнасынан қыздың мәйіті табылып, шығарылды. Тексеру кезінде 28 наурыз күні қыздың канал суына абайсызда құлап кеткені анықталды.
Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметкерлері тартылды. Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Мәйітке сырттай қарау жұмыстары жүргізіліп, бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды, деді ІІМ баспасөз қызметі.
Бұған дейін Түркістан қалалық ПБ-на жергілікті тұрғын арызданып, шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қызының үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан еді. Тұрғынның арызы бірден тіркеліп, ПД бастығының тікелей тапсырмасымен із-түссіз жоғалған қызды табуға жеке құрам жұмылдырылған.
Іздеу барысында жоғалған қыз баланың аулада ойнағаны, одан соң жол бойымен белгісіз бағытта кетіп бара жатқаны анықталды. Інжумен бірге ойнаған көрші қызбен бірнеше рет тілдесу арқылы, екеуінің бірге су ағып жатқан каналға барғаны, Інжу сумен ойнағысы келіп, абайсызда каналға құлап кетіп, шыға алмай қалғаны белгілі болған.