Түркістан облысында қараусыз қалған бала 4 қабаттан құлап аман қалды

31 мая 2023 г. 16:15 / Новости Казахстана

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында 3 жасар қыз 4-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Оқыс оқиға 30 мамыр күні кешкісін тіркелді. Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 18:10 шамасында Кентау қаласы, Д. Қонаев даңғылы бойындағы 5 қабатты үйдің 4-ші қабатындағы терезеден кішкентай бала құлағаны туралы хабарлама түскенін растады. 

Үлкендердің қарауынсыз қалған бүлдіршін байқаусызда құлап кеткен. Ол 2020 жылы туған. Қазір ауруханаға жатқызылды. Оқиға болған сәтте ата-аналары үйде болған. Барлық ата-анаға балаларды назардан тыс қалдырмауды ескертеміз!, - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұған дейін ШҚО-да көпқабатты үйдің балконы құлап, бір адам зардап шеккен еді. Сондай-ақ, Павлодар қаласында да 3 жастағы қыз бала 9 қабаттан құлап, бақиға аттанған болатын. 

 

     
Автор
Новости партнеров