Түркістан облысында өзенге ағып кеткен кішкентай қыз табылмады

23 марта 2023 г. 5:35 / Новости Казахстана

Өткен аптада Түркістан облысында Арыс өзеніне құлап кеткен 4 жасар қыз әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Түлкібас ауданындағы Арыс өзеніне құлап кеткен 4 жасар қызды іздестіру жұмыстары үздіксіз жалғасып жатыр. 

Қазір іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД-нің жеке құрамынан 50 қызметкер мен 1 кинологиялық есеп қызметі және 4 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінен, Түркістан облысының полиция департаментінен және жергілікті атқарушы орган тарапынан арнайы мамандар мен техникалар жұмыс істеп жатыр. 30-дан астам жергілікті тұрғын іздеу жұмыстарына қатысып, өзен арнасындағы әрбір жыраны қарап жатыр, деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Бұған дейін өңірде Арыс өзеніне ойнап жүрген төрт жасар қыздың өзенге ағып кеткені белгілі болған еді. Қыз баланы іздеу жұмыстарына Түлкібас аудандық полиция бөлімінің толық жеке құрамы мен аудандық прокуратура, ТЖМ-нің қызметкерлері, 30 ерікті жұмылдырылған болатын. 

Автор
Новости партнеров