"Төреғали түрмеде отыр". Полиция есірткі тұтынып көлікпен қашқан әншіге қатысты тың деректі жариялады
Төреғали Төреәліні Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік қамауға алынғандарға арналған ұстау изоляторында отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media
Танымал әнші жақында полиция қызметкерлерімен есірткілік масаң күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған болатын. Ол МАӘС шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, қазір қамауда отыр.
Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оны әкімшілік қамауға алудан босатуға көрсеткіш жоқ.
Сонымен қатар, А.есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 378-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша да қылмыстық іс тіркелгенін хабарлаймыз, - деді ІІМ баспасөз қызметі.
Аталған қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы ПД анықтау басқармасы жүргізіп жатыр.
Бұған дейін Алматыда белгілі әншінің мас күйінде полициядан қашқаны туралы бейнежазба жария болған еді. Кейін оны полиция күштеп тұтқынға алды. Сот шешімі бойынша Төреғали Төреәлі жеті жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылып, 20 күнге қамауға алынған болатын.