Тоқаев ҰҚК-де кадрлық ауыс-түйіс жасады

13 апреля 2023 г. 14:50 / Новости Казахстана

Президент Жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Аrbat.media.

Ақорданың баспасөз қызметі ҰҚК-не екі лауазымдық тағайындау болғанын мәлімдеді. 

Мемлекет басшысының өкімдерімен: Руслан Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы,  Асхат Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп жазылған баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Сонымен бірге, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан Мемлекет басшысының өкімімен босатылғаны белгілі болды. 

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті басшысы болып Асхат Жұмағали тағайындалған еді

Автор
Новости партнеров