Тоқаев ұлттық қауіпсіздікті қамтудың тың тәсілдері қажет екенін атады

19 апреля 2023 г. 16:53 / Новости Казахстана

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте ұлттық қауіпсіздік кеңеске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Бізге ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тың тәсілдері қажет. Сол үшін тиісті стратегияны заман талабына сай қайта қарау керек. Сыртқы саясат тұжырымдамасы да жаңартылуға тиіс. Бұл құжат мүлде басқа геосаяси жағдайда қабылданған. Қазір көп нәрсе өзгерді. Яғни, ішкі қауіпсіздікті сақтау, қорғаныс қабілетін күшейту, Қазақстанның және бүкіл Орталық Азия аймағының халықаралық деңгейдегі беделін арттыру мәселелері басты назарда болуы керек, деді Қ.Тоқаев. 

Астанада өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Қ.Тоқаев Маңғыстауға қатысты пікір білдірген болатын. Сонымен қатар, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жыл басынан бері экономикалық өсімнің бес пайызға артқанын атады. Бұдан бөлек, әрбір азаматтың заң мен тәртіпке бағынуы туралы атап өтті. 

Автор
Новости партнеров