Теміржолшылар талабынан кейін министр еңбекақы өсетінін мәлімдеді

20 декабря 2022 г. 20:27 / Новости Казахстана

Елімізде теміржолшылардың еңбекақыға қатысты талабынан кейін олардың айлық жалақысы өсетін болды. Үкімет отырысынан кейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев осы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  arbat.media.

"Қазақстан темір жолы" теміржолшыларының еңбекақысы мәселесіне қатысты сауалға жауап берген министр 2023 жылдан бастап жүзеге асатынын атаған.

"Қазақстан темір жолы" АҚ-мен қазір нақты жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені Қазақстан бойынша осы теміржолшылар арасында мәселе туындап отыр. Компания басшыларының 2023 жылы жалақыны өсіретін жоспары бар. Бірақ оның сомасы қазіргі тарифке байланысты болмақ. Бір жағынан тарифті өзгерту белгіленіп жатыр. Ол тарифті бекітсек, жалақының өсімі соған байланысты болады. Бірақ жалақы келесі жылы міндетті түрде өседі", - деді Қайырбек Өскенбаев.

Министр соңғы уақыттары теміржол саласы қызметкерлерінің еліміздің әр өңірінде талап қойып, еңбекақыны өсіруге қатысты үндеу жолдаған әрекеттеріне ойын білдірді.

"Ол туралы бірдеңе айту қиындау. Үкімет тарапынан қазақстандықтар неғұрлым көбірек жалақы алсын деп тілеп отырамыз. Бірақ әрқайсысы шамасына қарай жүк көтереді ғой. Сол себепті тариф төмен болса, табыс болмаса, теміржол компаниясын да түсінуге болады. Ақша болмаса, оны қайдан алады? Сол себепті жаңа идеология ұсынылып отыр. Олар «бізге жаңа тариф беріңдерші, жаңа идеологиямен жұмыс істейікші, сосын жалақыны да көтереміз» деп отыр", – деді Қайырбек Өскенбаев.

Бұған дейін Атырау, Маңғыстау облыстарында теміржолда еңбек ететін жұмысшылар еңбекақыны көтеруді сұрап, басшылыққа үндеу жолдаған еді. Сала қызметкерлері жыл басынан бері бірнеше рет талап қойған. Алайда олардың айлық табысына қосымша ақы қосу туралы сұраныстары жауапсыз қалған болатын. 

Автор
Новости партнеров