Тас көшкініне байланысты Аюсай шатқалына блокбекеттер қойылды

11 апреля 2023 г. 22:29 / Новости Казахстана

Алматы қаласы Аюсай шатқалында тас көшкіні салдарынан сарқырамаларға апаратын жолды тастар басып алды, деп хабарлайды Arbat.media.

"Қазселденқорғау" мамандарының бағалауынша түскен тастардың көлемі 5 текше метр болған.

7 сәуірде Алматы қалалық ТЖД ұсынысы бойынша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "бірінші сарқырама" ауданындағы туристік соқпақтағы Аюсай визит-орталығымен қызметкерлерінің қатарынан шектеу блок-бекеті орнатылды. 10 сәуірде, күннің екінші жартысында "екінші" және "үшінші" сарқырамаға баратын жолда тас көшкіні болды", - деді Алматы ТЖД өкілдері.

Алматы қаласы ТЖ Департаменті қкілдерінің айтуынша халықтың тауға шығуын шектеу бойынша бұрын қабылданған алдын алу шараларына байланысты құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мүдделі ұйымдармен блок-бекеттер қою бойынша профилактикалық жұмыс жалғасады, - деді Алматы қаласы ТЖ Департаментінің өкілдері.

Автор
Новости партнеров