Сырымбек Тау Мәжіліс сайлауынан шеттетілді

15 февраля 2023 г. 0:11 / Новости Казахстана

Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау наурыз айында өтетін Мəжіліс сайлауынан ресми түрде шеттетілді, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы таяуда ғана тіркеуден өткен партияның тең төрағасы Айдарбек Хожаназаровтың фейсбуктегі жазбасында айтты.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы бюрократиялық кідірістерге байланысты менің досым, нағыз патриот, Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тауды Мəжіліс сайлауынан ресми түрде шеттетті. Бәлкім, формальдылық маңызды шығар, бірақ ол өте лайық кандидат болды. Сырымбектің Қазақстан халқына деген шынайы махаббатын әркез байқаймыз. Пандемия кезінде оның компаниясы Алматыдағы 9800 отбасына азық-түлік көмегін көрсетті, «Біз біргеміз» және «Шұғыла» қайырымдылық қорларына қаржы бөлді. Сондай-ақ, «Тау шаңырақ» қайырымдылық қорының құрылтайшыларының бірі, Талғар қаласындағы балаларды оңалту орталығының құрылысына қаржы бөліп, Арыс қаласы мен Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен 100 тұрғынына көмек көрсетті. Сырымбек нөлден бастап жеке кәсібін көтеріп, 600 жұмыс орнын ашты, мемлекет бюджетіне 10 миллиард теңгеден астам салық төледі», - деді Айдарбек Хожаназаров өз жазбасында.

Оның айтуынша, партия қол қусырып қарап отырмай, 

Бірақ мен баса айтайын, Respublica партиясы ешбір жағдайда берілмейді, біз күресті әрі қарай жалғастырамыз. Мұндай оқиғалар бізді тек қана шынықтырады, қайрайды және Сырымбек сияқты лайықты тұлғаларға жол әрқашан ашық болатын нағыз Жаңа Қазақстанды құруға ынталандырады», - дейді А.Хожаназаров. 

Бұған дейін Respublica партиясынан Мәжіліс депутаттығына түсетін үміткерлердің есімі белгілі болған еді. Олардың арасында Нұрлан Қоянбаев,  Айдарбек Ходжаназаров, Қуаныш Шонбай сынды тұлғалардың есімі аталды. Сондай-ақ, тізімге енген Сырымбек Таудың бір округ бойынша сайлауға қатысатыны анықталған айтылды. 

Автор
Новости партнеров