Сыныптастарын балтамен жарақаттаған петропавлдық оқушыға қатысы мәлімет белгілі болды
Петропавл қаласында мектепке балта алып келіп, үш баланы жаралаған оқушыға қатысты Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Arbat.media.
"Астана" телеарнасы ақпараты бойынша, ақпан айында жасөспірім психиатриялық бақылауда тұрған. Қылмысқа барған оқушы бұған дейін де өзін-өзі өлтіруге оқталғаны белгілі болды.
Бала суицид жасауға оқталған соң, үш ай сабаққа келмеген. Бірақ мұғалімдер баланың әрекетіне мән бермегені анықталды, – деді прокурор.
Өңір прокурорының орынбасары екі жыл бұрын оқушы өзіне қол салмақ болғанын атады.
Бұл бала 2021 жылы өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда мектеп бұл туралы денсаулық сақтау органдарына хабарламаған. Мектеп әкімшілігі суицид әрекетінің мән-жайын түсіндірмеді», – деді Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Әбу Әли Саттар.
Прокуратурада өткен жиында мұғалімдер бала сыныптастарына шабуыл жасамас бұрын қатарластарынан қысым көргенін мысалға келтірді.
Естеріңізге сала кетейік, 13 ақпанда Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепте 3 оқушыны балтамен жарақаттаған болатын. Кейін оқыс оқиға кезінде қылмыс жасаған балаға тойтарыс берген оқушы марапатқа ие болды.