Шығыс Қазақстанды 9 жыл басқарған Ахметовтің орнына Көшербаев тағайындалды
Шығыс Қазақстанды 9 жылға жуық басқарған Даниал Ахметов қызметінен кетіп, орына Қазақстанның Ресейдегі елшісі болған Ермек Көшербаев тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Даниал Ахметов қызметінен босатылып, орнына бұған дейін дейін Ресейде елші қызметін атқарған Ермек Көшербаев әкім қызметіне кірісті.
Ермек Көшербаев 1965 жылы Алматы қаласында дүние келген. Әр жылдары Сыртқы істер министрлігі, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, секілді құрылымдарды еңбек етті. 2010 жылдардан бастап ШҚО-да облыс әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары секілді лауазымдарда қызметті. 2014 жылдан ауыл шаруашылығы вице-министрі, жауапты хатшысы, 2018 жылдан СІМ вице-министрі болса, 2020 жылдан бастап Ресейдегі Қазақстанның елшісі лауазымын атқарып келді.
Даниал Ахметовтің осымен қызметтік мансабы аяқталған болуы мүмкін. Ол 90-шы жыладрдың басынан бері лауазымды қызметтерді атқарып келді. Екібастұз қаласының әкімі, Павлодар облысының екі мәрте әкімі, СҚО әкімі, Үкімет басшының орынбасары, бірінші орынбасары, премьер-министр, қорғаныс министрі секілді жауапты қызметтерді атқарды.