"Странджа" турнирінің алғашқы айналымында қазақстандық төрт боксшы жеңіске жетті

22 февраля 2023 г. 17:29 / Новости Казахстана

Болгарияда 74-ші рет жалауын желбіреткен "Странджа" кубогына қатысып жатқан ұлттық құраманың төрт боксшысы жеңіске жетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Халықаралық турнирдің екінші жарыс күні аяқталды бес боксшысы шаршы алаңға көтеріліп, біреуі есе жіберді. 

57 келіде шаршы алаңға шыққан Оразбек Асылқұлов ирландиялық Джуде Галлахерде басым түссе,  63,5 келіде Ертуған Зейнуллинов испан боксшысы Кондре Ибаречиді, Темірхан Тезек (67 келі) шаршы алаң иесі, болгар Пламен Янковті, Бекзат Таңатар (86 келі) үндістандық Картикті сенімді түрде жеңіп, келесі айналымға өтті.

Ал 54 келіде сынға түскен Бекзат Алдамжаров франциялық Биллал Беннамадан 0:5 есебімен ұтылып қалды. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)




Arbat.media бұған дейін бокстан Ұлттық құрама қатарына қайта қосылған әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов пен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевтың аталған жарысқа қатысып жатқанын жазды

Автор
Новости партнеров