Сот Бауыржан Байбектің әкесіне қатысты екі істі қарап жатыр

12 июля 2023 г. 15:14 / Новости Казахстана

Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбекке қатысты екі істі қарап жатқаны мәлім болды, деп хабарлайды Arbat.media

"Сот кабинеті" порталының мәліметі бойынша, Қыдырғали Байбекке ҚР ӘҚБтК-нің 319-бабы бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап тиісті жер құқығынсыз өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық  немесе тұрмыстық нысандарды заңсыз салғандарға қатысты қозғалатыны белгілі. 

Бауыржан Байбектің әкесіне ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының бірінші бөлігі бойынша тағы бір айып тағылған. Аталған бап бойынша кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысуға, сондай-ақ тіркеусіз, рұқсатсыз әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға, сол сияқты, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, хабарламаны тіркеу, рұқсат беру, жіберу міндетті болған жағдайларда хабарламаны жібермегендер жауапқа тартылады.

Аталған айыптау бойынша сот бірінші істі 26 маусым күні абылдаған. Оның тыңдауы  11 шілдеге жоспарланған және мобильді бейнеконференция арқылы өтуі керек болған еді. 

Алматы қаласының әкімі болған Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбек теміржолшы болып еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққанға дейін бірнеше жыл бұрын "Алматы бойынша Жолаушылар тасымалы" КМК басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған еді. Ол туралы ұлы әкесінің экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен бір сыныпта оқығанын мақтаныш тұтатынын сұхбаттарында айтқан болатын. 

Автор
Новости партнеров