Самбодан әлем чемпионы атанған спортшы Қарағанды облысында аудан әкімі болып тағайындалды
Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай ауданының әкімі лауазымына 2018 жылы самбодан әлем чемпионы атанған спортшы тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.media.
ҚР президент әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Руслан Кенжебеков Ақтоғай ауданының әкімі болып тағайындалды. Лауазым иесі 2018 жылы самбодан әлем чемпион атанған.
Марокконың Касабланка қаласында 2018 жылыдң 19-22 қазан күндері аралығында самбо шеберлері арасында өткен әлем чемпионатында Ақтоғай ауданының болашақ әкімі жеңімпаз атанған. Сол уақытта Руслан Кенжебеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басқарған еді.
Самбо шебері Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылының тумасы. 1978 жылы дүниеге келген ол 21 жылдан бері мемлекеттік қызметте еңбек етеді.