Ресей мен Беларусь спортшылары Азия Ойындарына қатысуы мүмкін

27 января 2023 г. 15:17 / Новости Казахстана

Ресей әскері Украинаға басып кіргелі елдің спортшылары халықаралық жарыстардан толықтай шеттетілген болатын. Енді Ресей мен Беларусь спортшыларын Азия Олимпиада кеңесі өздеріне шақырып отыр, деп хабарлайды  Arbat.media

2023 жылдың 23 қыркүйек пен 8 қазан күндері аралығында Қытайда жазғы Азия Ойындары өтеді. Аталған жарыс күнтізбелік кесте бойынша былтыр өтуі тиіс болған. Осы ретте Азияның Олимпиада кеңесі айтулы жарысқа Ресей мен Беларусь ұлттық құрамаларын шақырды.

Азияның Олимпиада кеңесі спорттың біріктіретін күші бар екеніне сенеді және барлық спортшының ұлты мен құжатына қарамастан жарыстарға қатысатын мүмкіндігі болуы керек деп есептейді. Ұйым Ресей мен Беларусь спортшыларын Азия ойындарына шақырады, - деп жазылған ресми хабарламада.

Алайда Азияның Олимпиада кеңесі Ресей мен Беларусь спортшылары халықаралық жарыстарға қатыстыру туралы Халықаралық олимпиада комитетінің шешімін күтіп отырғанын ерекше атап өткен. 

Оқи отырыңыздар: 

Ресей мен Беларусь спортшылары 2022 жылдың наурыз айынан бері барлық халықаралық жарыстан шеттетілді. Осы ретте ХОК аталған екі елдің спортшыларына Украинадағы соғысты қолдамайтын болса, бейтарап түрде Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді

Автор
Новости партнеров