"Қазақстан барысы" қоры қаржыға қатысты тексеруге түсініктеме берді

22 июня 2023 г. 18:41 / Новости Казахстана

«Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры аталған турнирдің ұйымдастырылуына бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражаты туралы түсініктеме берді, деп хабаралйды Arbat.media.

«Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қоры» қоғамдық қоры осы жайтқан байланысты 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейтінін мәлімдеді.  

Қор өңірлік іріктеу жарыстарын ұйымдастырып, қазақ күресінен турнирлер өткізіп келеді. Қор жүзеге асырып отырған барлық жобалар қазақ күресін дамытуға бағытталған. Айта кететін жайт, осы брендпен бұрын жұмыс істеген «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры» ҚҚ жұмысы туралы ақпараттардан хабарымыз жоқ, - деп жазылған қор таратқан мәліметте. 

Аталған қор құрылғалы қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі (2021, 2022), сондай-ақ қазақ күресінен «Тұран Барысы» Азия кубогы (2022) ұйымдастырған.

2023 жылдың сәуір айынан бастап 2023 жылдың 2 шілдесіне жоспарланған қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне қатысу үшін еліміздің өңірлері бойынша іріктеу жарыстары өткізді. 

Біздің қор барлық процестің ашықтығын қадағалайтындығын, қазіргі уақытта қор қызметі штаттық режимде жүргізіліп отырғанын мәлімдейміз, туындаған мәселе бойынша ешқандай түсініктеме бере алмаймыз. Бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылып келгенін және барлық қаржылық есептер қабылдаушы тараптардың талаптарына сәйкес ұсынылып отырғанын мәлімдейміз, - деді қор өкілдеді. 

Бұған дейін ҚМА "Қазақстан барысына" қатысты қаржы бойынша тексеруді бастағанын мәлімдеген еді. Кейін жоба авторы Арман Шораев өзіне қатысты қуғын басталғанын мәлімдеп, жазба жариялады. 

Автор
Новости партнеров