Қауіпті көкөніс: Түркістан облысында қызанақтан вирус табылды

10 апреля 2023 г. 16:00 / Новости Казахстана

Түркістан облысында сырттан әкелінген 43 тонна қызанақтан елімізде жоқ вирус анықталды. Бұл Сарыағаш ауданында орналасқан шекара бекетінде тексеру барысында анықталды. Өнімдер Түрікменстан, Өзбекстан және Иран елдерінен жеткізілген, деп хабарлайды Arbat.media.

Облыстық аумақтық инспекциясының айтуынша фитосанитариялық бақылау инспекторлары томат өнімдерінен "қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы" мен "қызанақтың қола түстес тоспо вирустарын" тапқан.

Өсімдіктер карантині заң талаптарына сәйкес, жүктің иелеріне әкімшілік іс шаралар қаралып, жүктер келген елдеріне кері қайтарылды. Жалпы бұл аурулар Республика аумағына енетін болса, қызанақ, тәтті бұрыш, баялды өнімдерімен айланысатын кәсіпкер фермерлердің жылыжайларына және ашық алқапта өсірілген өнімдерге 50-70 пайызға дейін елеулі зиян келтіреді, - деді облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ибрагим Бекасылов. 

Инспекторлардың айтуынша, томат өнімдерінің мұндай қауіпті вирусы соңғы үш жылда Еуропа, Азия мен Америкада тараған. Сонымен қатар Иран, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінде де анықталып отыр. Осындай карантиндік аурулардың енгізілуі мен өнімді зиянкестерден қорғау мақсатында тексерістер жіті жүргізіліп келеді.

 

Автор
Новости партнеров