Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталған Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды
Алматы облысында Полиция департаментінің басшысы болған Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Arbat.media
БАҚ Күдебаевтың шетелге қашқаны туралы ақпараттарды жариялай бастады. Болжам бойынша оның Қырғызстан шекарасынанан өтіп, кейін Өзбекстанға өткені айтылды. Сол арқылы Түркияға ұшып кетуі мүмкін екені айтылды.
Бүгін сот барысында оның қашып кеткені сот ресми түрде айтты.
23 наурызда Құдебаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтіп, сол күні Бішкек қаласының "Манас" әуежайынан Стамбулға (Түркия) ұшып кетті, - деді сот.
Серік Күдебаев Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы қызметін атқарған. Қаңтар оқиғасында жұмыс орнын тастап кеткені үшін айыпты деп танылып, кейін оған қатысты сот отырысы бірнеше рет өткен. Мемлекеттік айыптаушы Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Алайда ПД бұрынғы басшысы денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылған болатын.