Қайрат Боранбаев сегіз жылға сотталды

31 марта 2023 г. 22:15 / Новости Казахстана

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arbat.media.

Сот үкімі бойынша Қайрат Боранбаев және Роман Наханов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Екі айыпталушы да өмір бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте және оның ведомстволарында, қаржы қызметін реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда лауазымды атқару құқығынан айырылып отыр. 

Сотталушы Тайыр Жанұзақ та кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шықты. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, үйқамақта болған Жанұзақ сот залынан қамауға алынды.

Сонымен бірге, олиграхқа бұған дейін берілген «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Парасат», III дәрежелі «Барыс» ордені кері қайтарылады. 

Сот үкімі бойынша Боранбаевтың иелігіндегі Алматы қаласы әл-Фараби көшесінде орналасқан үй мен жер учаскесі, «Қазақстан Халық банкі» АҚ шотындағы 1 млрд 270 млн 196 мың теңге және «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның екі шотындағы 2 млрд 847 млн 877 теңге мемлекет кірісіне алынады.

Сот Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылдың 18 наурызындағы қаулысымен Боранбаевтың Астанадағы пәтеріне, Алматыдағы жер учаскесі бар жеке үйге тыйым салу үкім заңды күшіне енгеннен кейін жойылатынын атады.

 

Автор
Новости партнеров