Париж турнирінде қазақстандық дзюдошы қарсыласының аяғынан тістеп алды

5 февраля 2023 г. 13:00 / Новости Казахстана

Парижде Гранд Слэм турнирінде күрескен қазақстандық Әйгерім Әбілқадырова бельгиялық қарсыласын аяғынан тістеп алды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық дзюдошы 52 келіде сынға түсіп, алғашқы белдесуінде ұтылып қалды. Бельгия спортшысы Ван Сник Чарлин ауырту әдісін жасаған еді. Алайда ол сол сәтте татамидегі қарсыласы Әйгерім Әбілқадырованың аяғынан тістеп алғанын айтып, төрешіге шағымданды.

Қазақстан дзюдошысының бұл әрекетіне қатысты халықаралық дзюдо федерациясының қандай шешім қабылдайтыны әзірге белгісіз. Әйгерім Әбілқадырова 52 келіде 2022 жылы ел чемпионы атанған. Сонымен бірге, ол жастар арасында Азия чемпионатының жеңімпазы.

Ол дзюдодан бөлек әлеуметтік желіде түрлі вайндарымен де кең танымал. Сондай-ақ, елімізде өткен және халықаралық сұлулық байқауларының қатысушысы.

Автор
Новости партнеров