Оралда баласын қоқыс жәшігіне тастап кеткен ана әрекетін түсіндірді

18 мая 2023 г. 21:55 / Новости Казахстана

Оралда босанып, сәбиін қоқыс жәшігіне қалдырып кеткен әйел істеген әрекетінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Күйеуімен ажырасқандықтан төртінші перзентіне жүкті екенін ол ата-анасына айта алмаған. Ал кездесіп жүрген жігіті бала туралы естігендіктен бірден бас тартқан көірнеді. 

Stan.kz-тің жазуына қарағанда, 25 жастағы ару қазір төрт баланың анасы.Ол екі жыл бұрын күйеуімен ажырасып кеткен. Бұрынғы күйеуі бала тәрбиесінде оған көмектеспеген. Тек алимент төлеп отырған. Ал осы уақыт ішінде қыз оны қамтамасыз еткен өз ата-анасымен бірге тұрған. Үш баласы әлі кішкентай болғандықтан ол жұмыс істей алмағанын айтады. Одан бөлек жас ана қайын енесі бала тәрбиесі үшін өзіне талай қысым жасаған.

Төртінші жүктілігімді білгенде бірден танысқан жігітке хабарластым. Ол алдымен тұтқаны қоя салды. Кейін қайта хабарласып, қалағаныңды істе деді. Ата-анама айтуға қорықтым. Олардың ашуланып, айғайлап, балағат сөздер айтатындарын білдім. Тек емханадағы акушерка ғана білетін. Ол түсік жасата алатынымды айтты. Бірақ менің оған батылым бармады", - деді келіншек.

Келіншек отбасымен жалдамалы пәтерде тұратынын айтты. Сол жердегі толғағы болған сәтті есіне алды. Айтуынша толғақ келгенде ата-анасы мен балалар ұйықтап жатқан. Ал нәрестені тастау басында мүлдем ойында болмаған екен.

Мен үй иесінен моншаға түсуге рұқсат сұрадым. Алдымен үйде қысқа мерзімді толғақтарды күттім. Босану басталған бойда моншаға бардым. Өзім босанып, кіндігін өзім кестім. Кейін баланы жуындырдым. Мұның барлығы сағат таңғы төрттер шамасында болды. Көшеге шығып, не істерімді ойладым. Мен өзімнің қандай күйде болғанымды түсінбедім. Көз алдымның бәрі бұлыңғыр болды”, – деді келіншек.

Оқиғадан кейін үлкен балалары әкесінің қасына, қоқыс жәшігіне тастап кеткен нәрестесі сәбилер үйіне орналастырылған. Айгүл сәбилер үйіне баласын көруге барғанымен оны кіргізбеген. Үш баласын да көруге рұқсат бермеген. Бойжеткен істеген ісіне өкінетінін, барлық балаларды өзіне қайтарғысы келетінін айтып отыр. 

Қазір әйел жасаған қылмысы үшін сот шешімін күтіп отыр. Шешім шыққан соң сәбидің қайда қалатынын арнайы органдар шешетін болады. 

Бұған дейін Орал қаласында қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылғаны туралы жазылған болатын. 

Автор
Новости партнеров