Маңғыстау облысының әкімі тұрғындарды тыныштық сақтауға шақырды

12 апреля 2023 г. 19:57 / Новости Казахстана

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңір тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Arbat.media.

Өңір басшысы облыс тұрғындарын тыныштық сақтауға, жағдайдың тұрақсыздығына жол бермеуге шақырып, арандатушыларға ермеуді атаған. 

Бұл жағдайдың баршамыздың көңілімізге қаяу түсіріп отырғаны жасырын емес. Осы сәтте біз ашу үстінде асығыс шешім қабылдамай, сабыр сақтағанымыз жөн. Біз кез-келген түйткілді мәселе мен қиындықтарды ақылмен шешіп, абыроймен алып келеміз. Қоғамдағы шиеленісті одан әрі ушықтыру, заң мен құқықтық нормаларды бұзу - бұл  - жағдайдың тұрақсыздануына әкеледі, мәселені шешпейді, - деді Нұрлан Ноғаев.

Жаңаөзендегі жағдайдан кейін жергілікті халыққа бейнежазба арқылы үн қатқан әкім елдің тыныштығы маңызды екенін жеткізген. 

Баршаңызды сабыр сақтап, ел тыныштығын бұзбауға шақырамын! Біз бұл жағдайдың тек заң шеңберінде әділ шешілгенін қалаймыз. Баршамыздың мақсатымыз бір - ертеңгі күнге деген сенімділік пен елдің амандығы, жұрттың тыныштығы. Қазір әсіресе арандатушыларға еріп кетпей, олардың ел ішіне іріткі салып, тыныштықты бұзуына жол бермеуіміз қажет. Бәріміздің мақсатымыз бір. Халқымыз адал еңбек етіп, атқарған жұмысына сай еңбекақысын алып, ертеңіне сеніммен қарап, сыйластықта өмір сүруді қалаймыз, және оны жүзеге асыру үшін жұмыстанудамыз.  Кәсіпорындарда тыныштық пен тұрақтылықтың болғаны бәріміз үшін де тиімді, - деді облыс әкімі. 

Астанада Жаңаөзеннен барған жұмыссыз мұнайшылар талап қойып, Энергетика министрлігінің алдына жиналған еді. Олар Астанада шерулетіп тұрғанда Мәжілістің үш депутаты барып жолығып, райынан қайтара алмады. Алайда оларды полицияның күштік жасағы ұстап әкеткен болатын. Осыдан кейін Жаңаөзенде халық алаңға жиналып, қамауға алынған азаматтарды босатуды талап етті. Бүгін таңертең Астанада ұсталған жұмыссыздар бейнеүндеу жолдап, Маңғыстауға жолға шыққанын мәлімдеді. 

 

Автор
Новости партнеров