Елена Рыбакина табысы жөнінен әлемде бірінші орынға көтерілді

31 марта 2023 г. 15:59 / Новости Казахстана

Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалына шыққаннан кейін әлем бойынша теннисшілер арасында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Arbat.media.

Отандасымыз табысы бойынша әлемнің екінші ракеткасы, беларусьтік өкілі Арина Соболенконы артқа тастады. Бұл туралы "Спорт Шредингера" телеграм-арнасы жазып отыр. 

2023 жыл басынан бері Елена 3 миллион 178,819 мың доллар табыс тапқан. Белорусь өкілі Арина Соболенконың көрсеткіші 3 миллион 118,046 мың АҚШ долларын құрады. 

Әлемде бойынша жыл басынан бергі үш ай ішінде ең көп табыс тапқан теннисшілердің алғашқы үштігі төмендегідей:

1. Елена Рыбакина – $3 178 819,

2. Арина Соболенко – $3 118 046,

3. Джессика Пегула – $1 979 888.

Бұған дейін Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалына шыққан болатын. Ол жартыла финалда АҚШ спортшысы Джессика Пегуланы ұтты. Оның алдында отандасымыз  Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды. 

Автор
Новости партнеров