Дәулет Тұрлыхановтың екі адамды ұрған ұлына қатысты іс қозғалды

10 марта 2023 г. 19:48 / Новости Казахстана

Белгілі адвокат Олег Черновты және оның әйелін соққыға жыққан Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл туралы Бас әскери прокуратурада хабарлады, деп хабарлайды Arbat.media. 

Tengrinews.kz-тің жазуынша, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде сот - медициналық сараптамалар тағайындалған. Сонымен бірге, қадағалаушы прокурор оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша жазбаша нұсқаулар берген көрінеді. 

Еліміздің Бас әскери прокуратурасы Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты істің егжей-тегжейлерін де айтты. Мәлімет бойынша, 11 ақпанға қараған түні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында ойын-сауық орындарының бірінің жанында 30212 әскери бөлімінің мерзімді қызметінің әскери қызметшісі Н.Болат пен Олег Чернов арасында жанжал болған.

Н.Болат жанжал барысында Чернов пен оның жұбайы А.Черноваға бірнеше соққы жұмсаған. 11 ақпандағы дерек бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің Бостандық аудандық полиция басқармасы Н.Болатқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ("бұзақылық") 293-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Кейіннен Н.Болат әскери қызметші болғандықтан, қылмыстық іс тергеу бойынша Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасына берілді", - деп хабарлады Бас әскери прокуратура.

Шулы оқиғадан соң Дәулет Тұрлыханов ұлының оғаш әрекеті үшін кешірім сұраған болатын. Алайда жәбірленуші-заңгер Анна Чернова бұзақылық әрекетке барған азаматты кешірмегендерін айтқан. Ақпан айының ортасында белгілі спотшының ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы айтылды. 

Сонымен бірге, Дәулет Тұрлыханов "AMANAT" партиясының атынан парламент мәжілісіне бір мандатты округ бойынша Астана қаласынан үміткер атанған

Автор
Новости партнеров