Дәулет Тұрлыхановтың екі адамды ұрған ұлына қатысты әскери прокуратура пікір білдірді

18 апреля 2023 г. 20:17 / Новости Казахстана

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың екі адамды ұрған баласына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Tengrinews.kz-тің жазуынша, Әскери прокуратура өкілі Тұрлыхановтың ұлы әскери қызметкер болғандықтан бұл қылмыстық істі әскери прокуратура қадағалауға алғанын атаған. Қазір іс аяқталып, сот қарауына берілген. 

"Ол (Тұрлыхановтың ұлы) мерзімді әскери қызметші. Ол бұл қылмыс тіркелген кезде еңбек демалысында болған", - деді Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.

Қазиев кіші Тұрлыхановтың кінәсі сот арқылы дәлелденсе, қызмет еткен бөлімшенің командирі де жауапты болатынын айтты.

"Заңда белгіленген тиісті тәртіп бойынша командир де жазасын алады", - деп қосты ол.

Бұған дейін депутат Д.Тұрлыхановтың ұлының екі адамды ұрып жатқан сәтінің бейнежазбасы жария болған еді. 11 ақпанда Алматыда Есентай Молл сауда орталығының жанындағы паркингте 20 жастағы Нұрасыл Болат екі адамды ұрып тастаған болатын. Кейін Д.Тұрлыханов ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады. Сонымен бірге, Заңгерлер Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтан 25 миллион теңге өндіріп алуға ниетті екені белгілі болды

 

Автор
Новости партнеров